Басты жаңалық
Үржарда жаңа амбулатория ел игілігіне берілді

Облыс әкімі Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационары бар, бір ауысымда 50 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты.
Жаңа нысан ауыл тұрғындарына медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді ету үшін салынды. Амбулатория заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың 14 тамызында басталған. Жобаның жалпы құны 612,8 млн теңге.
Амбулаторияның ашылуы Үржар тұрғындарының денсаулығын қорғауға және сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді.



