Басты жаңалық

Ер-Қабанбайда медицина пункті ашылды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Үржар ауданына жұмыс сапары барысында жаңа медициналық пункттің ашылуымен танысты. Нысан ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етуге бағытталған.

Аймақ басшысын аудан әкімінің орынбасары Ермек Сеильгазин мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков қарсы алып, медициналық пункттің жұмысы, көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат берді.

Жаңа пункттің іске қосылуы Ер-Қабанбай ауылы тұрғындарының сапалы медициналық көмекке уақытылы жүгінуіне мүмкіндік береді. Аймақ басшысы нысанның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button