Заң

Жолда қалған жүргізуші құтқарылды

Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы қиындады. Боран, қатты жел жолдарда қауіп деңгейін арттырды. Осыған орай полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Бородолиха ауданында қарлы жолда жеңіл автокөлік арыққа түсіп, қозғалысын жалғастыра алмады. Оқиға орнына жедел жеткен патруль қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, көлікті қардан шығаруға көмектесті. Зардап шеккендер тіркелмеді.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді ауа райы қолайсыз кезеңде сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Қажет болған жағдайда 102 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button