Басты жаңалық
Президент «Қазақстан темір жолы» басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдап, компанияның өткен жылғы қызметі мен алдағы даму жоспарлары жөнінде есеп тыңдады.
Кездесу барысында 2024 жылы жүк тасымалы көлемі 5,5 пайызға өсіп, 320 миллион тоннаға жеткені айтылды. Ал транзиттік жүк тасымалы 33 миллион тоннаны құрады.
Президент теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, саланы цифрландыру, жасанды интеллект шешімдерін енгізу және теміржол қызметкерлеріне арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Компания алдында көлік-логистика әлеуетін арттыру және халықаралық транзит бағыттарын дамыту міндеті тұрғаны атап өтілді.



