Білім
Психологиялық практика: жаңа көзқарас

Alikhan Bokeihan University-де «Заманауи психологиялық практика» атты республикалық психология фестивалі ұйымдастырылды.
Фестиваль психолог мамандардың тәжірибе алмасуына, жаңа әдістерді талқылауына және кәсіби байланыс орнатуына арналды.

Жиында шеберлік сабақтары мен семинарлар өтті. Пленарлық отырысқа елімізге танымал мамандар қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Фестивальге оқытушылар, практик-психологтар, студенттер және салаға қызығушылық танытқан қауым қатысты.



