Басты жаңалық
Жаңа түзетулер: Адам құқығы мен сот тәуелсіздігі нығаяды

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде күшейтіледі. Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында түзетулер жобасы таныстырылды.
Жоба адам құқықтарын қорғауды күшейтуді көздейді. Өмір сүру құқығы, жеке басына қол сұқпаушылық, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі.
Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке жаңа көзқарас енгізіледі. Зияткерлік меншікті қорғау нормалары бекітіледі.
Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау міндеттері күшейеді.
Сот жүйесі де жаңарады. Сот тәуелсіздігі мен әділ сот қағидаттары нығаяды. Адвокатураның мәртебесі Конституцияда жеке баппен белгіленеді. Жоба қазір соңғы пысықтаудан өтуде.



