Басты жаңалық

Жаңа Ата Заң жобасында басты құндылықтар айқындалды

Жаңа Конституция жобасында Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілді. Бұл туралы Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.


Оның айтуынша, бұл қағидаттар Конституцияның алғашқы бөлімінде айқын жазылған. Жобаға сәйкес, Қазақстан унитарлы мемлекет болып қала береді, ал басқару нысаны президенттік республика ретінде нақты бекітілген.

«Егемендік, тәуелсіздік, унитарлық және аумақтық тұтастық ешқашан өзгермейтін құндылықтар. Бұл нормалар Конституцияның негізіне айналды», – деді спикер.

Егемендіктің иесі халық екені конституциялық деңгейде нақтыланды. Мемлекеттік биліктің бастауы Қазақстан халқы деп көрсетілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button