Басты жаңалық

Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылғанына 5 жыл

Бүгін Абай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылғанына 5 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында департамент мамандары мен серіктестері арнайы марапатқа ие болды. Солардың қатарында Абай облысы бойынша аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Мадина Намазакова да бар.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Агенттігіміздің құрылғанына бес жыл толып отыр. Осындай марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын», – деді ол.

Агенттік экономикалық қылмыстармен күрес бағытында жұмыс істейді. Абай облысы бойынша аумақтық департамент соңғы үш жылда өңірдің дамуына және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге өз үлесін қосып келеді.

Департамент қызметі қаржы пирамидаларының алдын алу, лудоманиямен күрес, заңмен тыйым салынған вейптердің таралуына жол бермеу бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларға ерекше мән беріледі.

Жастармен жұмыс негізгі бағыттардың бірі. Қаржылық қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында жастар, зейнеткерлер және мектеп оқушылары арасында түрлі сабақтар, ойындар мен викториналар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Агенттік Мемлекет басшысына тікелей бағынады және өңірде «Заң және тәртіп» қағидатын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Бұл жұмыс қалада ғана емес, облыстың барлық аудандарында жүргізіледі.

Департамент халықпен ашық жұмыс істейді. Тұрғындар колл-орталықтар, Telegram-боттар арқылы немесе жеке қабылдауға келу арқылы кеңес ала алады. Кезекші бөлім тәулік бойы жұмыс істейді. Департамент Семей қаласында, Шымкен  көшесі, 2-мекенжайында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button