Көкбай ауылында спорт модулі салынып жатыр

Абай ауданының Көкбай ауылында спорт модулінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның сметалық құны 521 264,1 мың теңге. Тапсырыс беруші – Абай облысы Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мердігер – Градстройсервис ЖШС. Келісімшарт құны 463 901,4 мың теңге.
Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. 2023 жылы Ұлттық қордан 359 449,0 мың теңге, 2024 жылы 19 198,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. 2025 жылы барлығы 98 361,0 мың теңге қарастырылды, оның 50 000,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 48 361,0 мың теңгесі облыстық бюджеттен. Облыстық бюджет есебінен 10 000,0 мың теңге игерілді. Шарт бойынша қалған сома – 88 361,0 мың теңге, ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
2026 жылға арналған өндірістік кесте бекітілген. Соған сәйкес, мердігер құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың сәуір айында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта нысан аумағына материалдар жеткізілуде: теплофондар, тоқ қосқыштар мен кабельдер әкелінді. 2026 жылдың ақпан айында теплофондарды орнату және ішкі әрлеу жұмыстары басталады. Сыртқы инженерлік желілерді тарту мен абаттандыру жұмыстары 30 сәуірге дейін аяқталады.
Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі



