Білім
Бородулиха ауылынан шыққан түлек елдегі үздік нәтижелердің бірін көрсетті

Абай облысы Бородулиха ауылынан шыққан түлек Сайлауов Ерасыл қаңтар айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде 139 балл жинап, Қазақстан бойынша үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Ерасыл – Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінің түлегі. Ол мектеп қабырғасында жүріп білімге ерекше көңіл бөліп, шет тілдерін меңгеруге тұрақты қызығушылық танытқан. 10-сыныпта халықаралық IELTS емтиханын тапсырып, тілдік білімін дәлелдеді.
Бос уақытында кітап оқып, тіл үйренумен қатар волейболмен айналысып, белсенді өмір салтын ұстанады.
Алдағы мақсаты – ҰБТ-да 140 балл жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізу және «Дипломатия» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын жеңіп алу.
Жас түлектің жетістігі — табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.



