Басты жаңалық

Полицейлер қар құрсауында қалған көлікке көмектесті

Қолайсыз ауа райы жағдайында Семей қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына қарай бағыт алған жолда шетелдік жүргізуші қиын жағдайға тап болды. Қалың боран мен көрінудің төмендеуіне байланысты автокөлік жолдан шығып кетіп, қар құрсауында қалған.

Көлікте Өзбекстан Республикасының азаматы және оның жанында әйел адамдар мен бала болған. Жолдағы жағдайдың күрделенуіне байланысты олар өз бетінше қозғала алмай қалған.

Трассаны патрульдеу барысында полиция қызметкерлері кюветке түсіп кеткен автокөлікті байқап, жедел түрде көмек ұйымдастырды. Оқиға орнына арнайы техника шақырылып, бірлескен жұмыстар нәтижесінде көлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Полиция департаменті ауа райы қолайсыз кезеңде алыс жолға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша сақ болуға шақырады.

Мамандар жүргізушілерге өз қауіпсіздігі мен жолаушылардың амандығын бірінші орынға қою қажеттігін ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button