Заң
Полиция автобуста қоғамдық тәртіп бұзған азаматты анықтады

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға байланысты полиция қызметкерлері жедел тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол — Семей қаласының 48 жастағы тұрғыны.
Тексеру барысында ер адамның қоғамдық көлікте мас күйінде болып, бейәдеп сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзғаны белгілі болды.
Аталған әрекеттері үшін азаматқа екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Олар — ұсақ бұзақылық және қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу. Іс материалдары сотқа жолданды.
Полиция департаменті қоғамдық орындарда агрессивті әрі әдепсіз әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады. Мұндай құқық бұзушылықтардың барлығы заң аясында қаралады.
Тәртіп бұзу деректерін байқаған жағдайда азаматтардан 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.



