«Аягөз–Бақты» теміржол құрылысының барысы талқыланды

Аймақ басшысы Берік Уәли «Аягөз–Бақты» теміржол құрылысына жауапты мекемелер мен мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жобаның қазіргі барысын талқылады.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзит мүмкіндігін арттыру үшін жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа теміржол өткелі салынады.

Мамандардың айтуынша, ұзындығы 297 шақырым болатын жаңа теміржол желісі салынып, 11 станция, ондаған көпір мен жол өткелдері тұрғызылады. Қазір құрылыс жұмыстарының 42 шақырымында жұмыс жүріп жатыр. Нысанда 144 техника мен 398 жұмысшы еңбек етуде.

Жоба іске қосылғанда өңірдің көлік қатынасы жақсарып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Облыс әкімі бұл теміржол желісі өңір экономикасына серпін беретін маңызды жоба екенін атап өтті. Әкімдік құрылыс жұмыстарына қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.



