Заң
Омбы – Майқапшағай тасжолында жантүршігерлік жол апаты

2026 жылғы 19 ақпанда сағат 15:25-те «102» арнасына республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алдын ала мәліметке сәйкес, автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылы маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.



