Білім
Әлеуметтік желі мен есеп: мұғалімдерге талап өзгеруі мүмкін

Бүгін Мәжілісте педагогтердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасы қаралады.
Құжатқа сәйкес, мұғалімдерді жұмыс уақытынан тыс кезде мессенджерлер арқылы ата-аналарға жауап беруге немесе әлеуметтік желілерде контент жариялауды міндеттеуге тыйым салу ұсынылып отыр.
Сонымен қатар есепті бір мезгілде қағаз және электронды форматта тапсыру талабы заңсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай талап қойған мектеп басшыларына айыппұл қарастырылған.
Заң жобасы педагогтердің жүктемесін азайтып, олардың кәсіби құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.



