Заң

Полицейлер жедел көмек көрсетті

Қысқы жол – жүргізуші үшін де, тәртіп сақшылары үшін де үлкен сынақ. Осындай жауапты сәттердің бірінде Абай облысының полицейлері кәсібилік пен жедел әрекеттің нақты үлгісін көрсетті.

Республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының Аягөз – Айғыржал учаскесінде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол жиегіндегі кюветке түсіп кеткен Chery Tiggo автокөлігін байқайды. Көктайғақ пен төмен температура жүргізушіні қиын жағдайға қалдырған.

Полицейлер уақыт жоғалтпай оқиға орнына жетіп, алдымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ескерту белгілерін қойып, басқа көліктердің қозғалысын реттеді. Кейін арнайы құралдардың көмегімен автокөлікті кюветтен шығарып, жолға қайта қойды.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында жүргізушіге көмек көрсетіліп, жолдағы өзге қатысушылар үшін қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының тек заң күзетшісі ғана емес, кез келген сәтте көмекке келетін маман екенін тағы бір дәлелдеді. Қандай ауа райы болса да, олар тәулік бойы қызметте.

Абай облысының Полиция департаменті жүргізушілерге қыс мезгілінде барынша мұқият болуды ескертеді. Жылдамдықты сақтау, арақашықтықты ұлғайту және қысқы дөңгелектерді қолдану – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button