Таяу Шығыс шиеленісі күшейді

Таяу Шығыста жағдай күрт ушығып отыр. Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та Иранның жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Reuters агенттігі бұл мәліметті Израильдің жоғары лауазымды өкіліне сілтеме жасап жариялаған.
Сонымен қатар, кейбір ирандық ақпарат құралдары да оның қаза болғанын хабарлағаны айтылды. Алайда бұл деректер тәуелсіз әрі толық ресми түрде расталған жоқ.
Израиль тарапы Иран аумағындағы нысандарға соққы жасалғанын меңзеп, Хаменеи резиденциясы жойылған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұған қоса, Тегеранда бірқатар нысандарға, соның ішінде әкімшілік ғимараттар мен медициналық мекемелерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат бар.
Аймақтағы шиеленіс аясында Иранның жаңа басшылығы АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасағаны хабарланды. АҚШ бұл ұсынысты қарастыруға дайын екенін білдірген.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы халықаралық дауларды тек дипломатиялық жолмен шешу қажет екенін атап өтті.
Қазіргі таңда өңірдегі ахуал тұрақсыз. Сарапшылар ақпараттың көп бөлігі расталмағанын ескеріп, тек ресми дереккөздерге сүйену қажет екенін айтады.


