Абайға ағайын ағылып жатыр

2025 жылы Абай облысына Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түркіменстаннан шамамен 200 адам қоныс аударған. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады. Мамандардың мәліметінше, елге оралуға ниет білдірген ағайынның қатары әлі де көп.
Ата жұртқа оралған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі. Қоныстанушылар тұрғын үй мәселелерін шешуде, әлеуметтік қолдау мен кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алады. Сондай-ақ, олар жергілікті жердің инфрақұрылымына, білім беру және медициналық қызметтерге қолжетімділік алады.
Облыс әкімдігі қоныстанушыларға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыруға баса мән беріп отыр. Бұл шаралар шетелден оралған азаматтардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, әлеуметтік интеграцияға және аймақтың тұрақты дамуына мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, шетелдік ағайынның келуі облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді. Абай облысы өз тарихи-мәдени құндылықтарын сақтай отырып, жаңа қоныстанушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыруда.



