Аймақ тынысы

Мақаншыда егін шаруашылығы тұрақты өсім көрсетуде

Мақаншы ауданында егін шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы жалпы егіс көлемі 64 492,2 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсім 100,7%-ға жетті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Мақаншы ауданының әкімі айтты.

Ауданда негізгі дақылдар толық жиналып, жақсы өнім көрсеткіштері тіркелді. Күздік бидай 1 949,5 гектар алқаптан 100% жиналып, орташа өнімділігі гектарына 18 центнерді құрады. Жалпы 3 500 тонна өнім алынған.

Сұлы 226 гектардан толық жиналып, орташа өнімділігі 14,2 ц/га болды. Нәтижесінде 320 тонна өнім жиналды. Жаздық бидай 16 892 гектар алқаптан толық орылып, гектарына 14,3 центнерден өнім беріп, жалпы көлемі 24 210 тоннаға жетті.

Арпа да толық жиналып, 3 054 гектардан 5 600 тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 18,3 ц/га болды. Ал майлы дақылдар 23 164,8 гектар алқаптан жиналып, гектарына 14,7 центнерден өнім берді. Жалпы өнім көлемі 34 127 тоннаны құрады.

Сонымен қатар 2025–2026 жылғы қыстамаға қажетті мал азығы толық дайындалды. Жоспарланған 19 500 тонна азық 100% орындалған.

Күзгі жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу үшін шаруашылықтар «GosAgro.kz» жүйесі арқылы 445 тонна дизель отынына өтінім беріп, қазіргі уақытта толық қамтамасыз етілді.

Жалпы, ауданда егін шаруашылығы бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, өнім көлемі мен сапасын арттыруға басымдық берілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button