Бағдарлама берген мүмкіндік — Аягөздегі жаңа өмір

Алматы облысынан Аягөз қаласына ерікті түрде көшіп келген Марал Манкибаева бүгінде мансап орталығының көмегімен жаңа ортаға бейімделіп, тұрақты жұмысқа орналасып отыр.
Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығын бітірген. Қоныс аудару бағдарламасы аясында өңірлік квотаға еніп, 2024 жылғы қыркүйекте комиссияның оң шешімін алған.

Бағдарлама аясында көшіп келу шығындары өтелді. Отбасына экономикалық ұтқырлық сертификаты берілді. Соның нәтижесінде Аягөз қаласынан баспана алды.
Қазір Марал Манкибаева қалалық №1 бөбекжай-балабақшада музыка жетекшісі болып жұмыс істейді.
Маралдың айтуынша, мемлекет көрсеткен қолдау жаңа жерде тез орнығып, еңбек жолын жалғастыруға мүмкіндік берген.
«Бағдарлама арқылы Аягөзге көшіп келгеніме қуаныштымын. Мемлекеттен көмек алып, үйлі болып, жұмысқа орналастым. Мұндағы тұрмыс жағдайы көңілімнен шығады. Осындай пайдалы бағдарламалар алдағы уақытта да жалғасын тапса екен», — дейді ол.



