Гид

Weekend-ке топ локация табылды

Қаланың қарбаласынан шаршап, бір сәт тыныққыңыз келсе, алысқа барудың қажеті жоқ. Семейдің маңында «Özimizdiñ auyl» этноауылы бар.

Бұл жерге келген сәттен-ақ ауылдың шынайы тынысын сезінесіз. Киіз үйлер, кең дала, қазақы нақыш – бәрі үйлесім тапқан. Бірақ бұл қарапайым ауыл емес, арнайы демалысқа лайықталған жайлы орын.

Мұнда ұлттық ойындарға қатысып, белсенді демалуға болады. Асық ату, арқан тарту сияқты ойындар ерекше көңіл күй сыйлайды. Кей кездері түрлі шаралар мен шағын мерекелік бағдарламалар да ұйымдастырылады.

Достармен де, отбасымен де келуге ыңғайлы. Табиғат аясында таза ауамен тыныстап, еркін демаласыз. Балаларға да қызықты. Сонымен қатар әдемі фотоға түсуге арналған орындар жеткілікті.

Ең бастысы – мұнда қазақы дәстүр тек көрініс үшін емес, шынайы түрде сезіледі. Сіз сол ортаның бір бөлігіне айналасыз.

Қысқасы, бір күнге болса да тынығып, қазақы атмосфераға енгіңіз келсе, барып көруге тұрарлық жер.
Мекенжайы: Массив Орлёнок, 80.

Басқа жаңалықтар

Back to top button