Басты жаңалық

Инвесторлар Абайға бет бұрды

Алматы қаласында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Ислам даму банкінің аймақтық басшысы Әли Мұхаммед Ханмен кездесті.

Кездесу облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өтті. Оның барысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары және жаңа әкімшілік орталықтың жобасы таныстырылды.

Сондай-ақ, Семей қаласының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Ислам даму банкінің өкілі ұсынылған бастамалардың қаржыландыру талаптарына сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды іске асыру үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button