Басты жаңалық

Интеллект шайқасы: Қабдешті танығандар алға шықты

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған «Қабдеш әлемі» атты зияткерлік квиз өтті. Іс-шараны Ақ жол демократиялық партиясы облыстық филиалы ұйымдастырды.

Квизге 8 команда, жалпы 69 қатысушы қатысты. Олардың қатарында студенттермен қатар ересектер де бар. Сайыс үш кезең бойынша өтті: жазушы шығармашылығы, логика және медиа тапсырмалар.


Нәтижесінде «Бес арыс» командасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орын «Zywoo» командасына бұйырды. Ал «Abay like» командасы үшінші орынға алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button