Жол сапасы сынға түсті

Облыста жол құрылысының сапасын арттыру үшін материалдар мен асфальт қоспалары тексеріліп жатыр. Бұл жұмыстар жолдардың сапалы әрі ұзақ қызмет етуі үшін жүргізілуде.
Зертханалық тексеру барысында 44 материал қаралды. Соның 6-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Кемшіліктер негізінен материал құрамына және беріктігіне қатысты болған.
Қазір асфальт қоспаларының сапасы да бақылауда. Мамандар мердігер ұйымдармен бірге ең тиімді құрамды анықтап, оны қолдануға енгізіп жатыр.
Жұмыстарды Жол активтері сапасының ұлттық орталығы-ның Абай облыстық филиалы жүргізуде. Олар материалдардың сапасын жан-жақты тексеріп, талапқа сай келетіндерін ғана бекітуде.
Мамандардың айтуынша, мұндай бақылау сапасыз материалдарды қолдануға жол бермейді және жол сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Анықталған кемшіліктер бойынша мердігер ұйымдарға ескерту беріліп, оларды жою шаралары қолға алынған.



