Басты жаңалық
Енді газ баллондары жарылмайды

Елімізде енді металл баллондардың орнына композиттік (қауіпсіз) газ баллондары өндіріле бастайды. Өндіріс Алматы қаласының Алатау ауданында салынып жатыр. Қазір цех құрылысы жүріп жатыр.
Жаңа баллондар жеңіл әрі жарылу қаупі төмен. Сол себепті олар бұрынғы баллондарға қарағанда қауіпсіз болады.
Соңғы 3 жылда газ баллондары жарылып, 30 оқиға тіркелген. 110 адам зардап шегіп, 27 адам қаза болған.
Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі көтерген. Мақсат — қауіпсіз баллондарды көбейту.
Жаңа баллондардың бағасы қолжетімді болады. Оларды тек арнайы бекеттерде емес, жанармай құю станцияларында да толтыруға мүмкіндік беріледі.



