Басты жаңалық

Абай облысында жұмыспен қамту жоспары 129%-ға орындалды

Абай облысында халықты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылдың басында бекітілген өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 13 324 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын.

2026 жылғы 21 қазандағы мәлімет бойынша, өңірде 17 188 адам жұмысқа орналастырылды. Осылайша жылдық жоспар 129%-ға орындалды. Жұмысқа орналасқандардың 12 678-і тұрақты, 4 510-і уақытша жұмыс орындарына барған.

Жұмыспен қамту бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылды. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобалар аясында 1 280 адам жұмыспен қамтылса, субсидияланатын жұмыс орындарына 3 355 адам тартылды.

Мемлекет басшысының әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы аясында жаңадан құрылған кәсіпорындарға 6 166 адам орналасты. Сонымен қатар, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы бос жұмыс орындарына 6 290 адам жұмысқа тұрды.

Қазіргі таңда өңірде жұмыспен қамту көрсеткіштерін одан әрі арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтардың тұрақты еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button