Басты жаңалық

Семей теміржол вокзалындағы құрылыс желтоқсанның басында аяқталуы тиіс

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей теміржол вокзалындағы құрылыс барысын тексерді.

Қазіргі уақытта нысанда ішкі және сыртқы әрлеу, жылыту және желдету жүйелерін орнату, перронды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Еден төсеу басталып, эскалаторлар техникалық тексеруден өткен. Құрылыс екі ауысыммен жүргізілуде.

Мердігер ұйым жұмысты желтоқсан айының басында аяқтауды жоспарлап отыр. Алайда облыс әкімі құрылыс қарқынын арттырып, нысанды бір ай ішінде толық аяқтауды тапсырды.

Берік Уәли жұмысшылар санын көбейтіп, құрылыс сапасы мен мерзімін жеке бақылауда ұстайтынын ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button