Басты жаңалықҚаладан-ауылға

«Қаладан – ауылға»: Ақсуат ауданына 51 отбасы қоныс аударды

Ақсуат ауданында «Қаладан – ауылға» жобасы аясында қоныс аударушылар саны жоспардан асты. Биыл ауданға 50 отбасын көшіру міндеті қойылған. Қазіргі уақытта 51 отбасы немесе 135 адам қоныстанды.

Осылайша, жылдық жоспар 102 пайызға орындалды.

Жоба ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға және елді мекендердегі халық санын көбейтуге бағытталған.

Ақсуат ауданында ауылға қоныс аудару көрсеткіші бойынша белгіленген меженің орындалуы – жобаның нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button