Аймақ тынысыБасты жаңалық

Ақсуат ауданында 12,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 45 үйдің құрылысы жүргізілуде

Ақсуат ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң өсім байқалады. 2026 жылдың есепті кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12 млрд 829,3 млн теңгені құрады. Оның 8,6 млрд теңгесі жеке қаражат есебінен тартылған.

Ауданда құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд 153,2 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,8 пайызға өсті. Ал тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 107,5 пайызды құрап, 9 175 шаршы метрге жетті.

Қазір көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған екі пәтерлі 45 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы ауданы – 5 600 шаршы метр. Нәтижесінде 90 пәтер пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар аудан орталығы Ақсуат ауылында жалпы құны 925 млн теңге болатын жеті кәсіпкерлік нысан ашылған. Жыл соңына дейін тағы үш нысанды іске қосу жоспарланып отыр.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1 849 нысан жұмыс істейді. Бөлшек сауда айналымы 8 млрд 872,7 млн теңгеге жеткен.

Осылайша, Ақсуат ауданында инвестиция тарту, құрылыс және кәсіпкерлік бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button