Аймақ тынысыБасты жаңалық

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 33,8 млрд теңгеге жетті

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. 2026 жылдың есепті кезеңінде өндірілген өнімнің жалпы көлемі 33 млрд 806 млн теңгені құрады. Өсім қарқыны – 126 пайыз.

Ауданда ірі қара саны 155,6 мың басқа, қой мен ешкі 286 мың басқа, жылқы 35,5 мың басқа жеткен.

Мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Биыл асыл тұқымды шаруашылықтар саны 85-тен 101-ге дейін өсті. Жалпы ауданда 40 560 бас асыл тұқымды ірі қара, 143 600 қой және 2 040 жылқы бар.

Бұдан бөлек, ауданда жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Әрқайсысы 5 мың бас асыл тұқымды қой өсіріп, ет өндіруге бағытталған. Жобалар аясында кәсіпкерлер 500 млн теңгеден несие алып, қажетті мал басын сатып алған.

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да назардан тыс қалған жоқ. Биыл 519,3 млн теңгеге 36 трактор сатып алынды.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда үш ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Олар қымыз өндіру, сүт өңдеу және ет өнімдерін шығару бағытында жұмыс істейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button