Басты жаңалық

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында өтетін бокс біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысуда

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі, жүлделер World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша сарапқа салынады. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік спортшылар ұлттық құраманың сапына іріктеліп, алдағы халықаралық және әлемдік жарыстарда Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Олардың ішінде 246 ер және 125 әйел боксшы бар.

Финалдық жекпе-жектер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Чемпионаттың барлық жекпе-жектері QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button