Басты жаңалық

Семей сарбаздары үздік атанды

«Алаш» тобы «Сарбаз сахнасы» фестивалінде бас жүлдені иеленді. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 30217 әскери бөлімінен шыққан бұл ұжым сайысқа тыңғылықты дайындалған.

— Біз үшін бұл жеңіс үлкен абырой және ортақ жұмысымыздың нәтижесі. «Сарбаз сахнасы» бас жүлдесі біздің еңбектің бағалану деп білеміз. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде шығармашылық бағытты одан әрі дамытатын боламыз, — деп атап өтті әскери-патриоттық жұмысын ұйымдастыру қызметінің бастығы Сәуле Ахметова.  

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының шығармашылық ұжымы тек бас жүлдемен шектелмеді. «Жаңа ғасыр» фольклорлық ансамблі бірінші орын алса, 54770 әскери бөлімінің азаматтық персоналы Олжас Оспан  вокалдық номинацияда екінші орын иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button