Басты жаңалық

«Ес-Аймақ» театры жаңа спектакльді ұсынды

Абай облысындағы «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» студенттік театры өз көрермендеріне «Ұлтжанды» атты жаңа спектакльін ұсынды. Премьераны режиссер Ислам Фарухұлы Азизов сахналаған.

Шығарма ұлттық сана мен патриоттық рухты қалыптастыруға арналған. Спектакльде қазақ халқының тарихы мен мәдени құндылықтары, ұлттық дәстүрлер мен жастарға арналған тәрбиелік мәні көркем тілмен көрсетілді. Көрермендер спектакль арқылы ұрпаққа қастерлі мұра мен азаматтық жауапкершіліктің маңызын сезіне алды.

Колледждің студенттік театры бұған дейін де өз шығармашылық жобаларымен көрермендерді тәнті етіп, мәдени шараларға белсенді қатысып келеді. Жаңа қойылым да жастардың өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық әлеуетін көрсетуге бағытталған ерекше оқиға болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button