Басты жаңалық

Омбыда білім мен инвестициялық идеялар талқыланды

Омбы қаласына жұмыс сапары аясында Абай облысының делегациясы «21-мектеп» кампусына барып, білім ордасының жұмысымен танысты. Делегацияны мектеп директоры Наталья Константиновна Шилкина қарсы алды.

Кездесу барысында Омбы облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өңірге инвестиция тарту тетіктері жөнінде ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар тараптар газ өнеркәсібі саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірлескен жобалардың мүмкіндіктерін қарастырды.

Сапар екі өңір арасындағы экономикалық және білім беру бағытындағы байланыстарды нығайтуға бағытталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button