Басты жаңалық

Мемлекеттік грант саны артты

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.

Биыл талапкерлер өтініштерін 1 сәуір мен 1 маусым аралығында admission.apa.kz жүйесі арқылы тапсыра алады. Яғни қабылдау мерзімі – небәрі екі ай.

Академия магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға қабылдайды. Мемлекеттік грант саны да артқан:

  • магистратура – 200 орын
  • докторантура – 12 орын

Жаңа оқу жылында білім беру бағдарламалары да кеңейді. Бұрын 12 бағыт болса, енді 15 бағдарлама ұсынылады. Оның ішінде жаңа бағыттар бар:

  • ML – Құқық
  • EMBA – Іскерлік әкімшілендіру
  • DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару

Сонымен қатар кейбір бағдарламалардың оқу мерзімі ұзартылып, талаптары жаңартылды. Мысалы, «Мемлекеттік саясат» бағдарламасына түсу үшін енді ағылшын тілін растайтын сертификат міндетті.

Қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен талапкерлер аналитикалық эссе жазады, кейін сұхбаттан өтеді. Ал докторантураға түсушілер қосымша зерттеу жоспарын қорғайды.

Маңызды күндер:

  • құжат қабылдау – 1 сәуір–1 маусым
  • іріктеу – 5–19 маусым
  • қорытынды қабылдау – 10 шілде
  • оқу басталуы – 1 қыркүйек

Айта кетейік, барлық құжаттар электронды түрде тапсырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button