Басты жаңалық

Ақсуатта жаңа медициналық нысандар ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданында бірнеше медициналық нысан пайдалануға берілді. Үштөбе мен Екпін ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар, Кіндікті ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, ал Қызылжұлдыз, Көктүбек, Сұлутал және Айнабастау елді мекендерінде медициналық пункттер ашылды.

Нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылды. Жаңа мекемелер ауыл халқы үшін алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button