Басты жаңалық
Семейде «Семей» футзал клубы салтанатты түрде қарсы алынды

Семей қаласында Қазақстан кубогының жеңімпазы — Семей футзал клубын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы мен жанкүйерлер команда ойыншыларын құттықтап, тарихи жеңіспен ортақтасты.
Еске сала кетейік, Тараз қаласында өткен Қазақстан кубогының финалында «Семей» ФК Ақтөбе командасын 5:2 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогының екі дүркін иегері атанды.
Қала тұрғындары спортшыларға алдағы жарыстарда да табыс тілеп, команданың ел спортына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!



