Басты жаңалық

eGov жүргізушілерге үндеу жасады

eGov мобильді қосымшасында көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірін онлайн алу қызметі іске қосылғанымен, кейбір пайдаланушылар техникалық қиындықтарға тап болды. Атап айтқанда, қызмет құны төленгеннен кейін нөмір өтініш берушіге бекітілмей, жүйеде қолжетімді күйде қалып қойған жағдайлар тіркелген.

Мәселені шешу үшін азаматтарға өтінімді қайта рәсімдеу ұсынылады. Қайта тапсыру барысында үшінші кезеңде «Бұрын төленген» бөлімі таңдалып, банк атауы мен төлем жасалған күн көрсетілуі қажет. Осы әрекеттерден кейін мемлекеттік нөмір иесіне бекітіліп, өзге өтінім берушілер үшін қолжетімсіз болады.

Айта кетейік, мемлекеттік нөмірді онлайн алу қызметі арнайы ХҚКО-ларда тірі кезек пен артық жүктемені азайту мақсатында енгізілген. Қызмет іске қосылған алғашқы күндері сұраныстың артуы байқалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button