Басты жаңалық
Әкім қабылдауы: тұрғындар мәселесі көтерілді

Абай облысының әкімі Берік Уәли «Amanat» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, жолдарды жөндеу, жер телімдерін рәсімдеу, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық көлік қызметіне қатысты мәселелерді көтерді.

Аймақ басшысы азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, әр мәселе бойынша заң аясында түсініктеме берді. Тиісті басқарма басшылары мен қала әкіміне нақты тапсырмалар жүктелді.

Өңір басшысы тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып, олардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.



