Президент: Ғылым дамыса – ел дамиды

Ақордада өткен ғалымдарды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің болашағы ғылым мен білімге тікелей байланысты екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, Қазақстанды жаңғыртудың басты күші білімді қоғам, ойлы орта және саналы жастар.
– Қасиетті Отанымыз – Қазақстанды білім-ғылымның күшімен түбегейлі жаңғыртамыз. Келер ұрпаққа өркениетті, қуатты әрі әділетті мемлекет қалдыру – біздің ұлттық парызымыз, – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев бұл жолда ғалымдардың әлеуетіне ерекше сенім артылатынын жеткізді. Оның сөзінше, ғылымның дамуы елдің жан-жақты өркендеуіне және жаңа мүмкіндіктердің ашылуына негіз болады.
Президент әрбір ғылыми жетістік тұтас ұлттың мерейін өсіретінін атап өтіп, ғалымдар ел мүддесіне қызмет ете береді деген сенім білдірді.



