Басты жаңалық

Үржарда кардиологиялық көмек күшейеді

Абай облысының әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында салынып жатқан медициналық нысанның құрылыс барысымен танысты.

Жоба бойынша облыстық құрылыс басқармасының басшысы Серік Тілемесов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков және аудан әкімінің орынбасары Анет Тұрлыбеков баяндама жасады.

Қазіргі таңда нысанның дайындық деңгейі 68 пайызға жеткен. Мамандар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңа орталық 14 төсек-орынға арналған. Нысан іске қосылғаннан кейін тұрғындарға кардиологиялық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстарының тапсырыс берушісі – облыстық құрылыс басқармасы. Мердігер компания – «AKM Invest Group» ЖШС. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button