Басты жаңалық

Жастар мен жасыл желек бір алаңда

Курчатов қаласындағы «Жастар саябағы» бүгін ерекше экологиялық бастаманың алаңына айналды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар мен еріктілер бірлесіп көшет отырғызып, табиғатты қорғауға бағытталған ортақ іске үлес қосты.

Экологиялық шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жастармен бірге саябақ аумағына көшет отырғызды. Акцияға еліміздің 12 өңірінен келген жастар ресурстық орталықтарының мамандары мен белсенді волонтерлер атсалысты.

Шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Өзге өңірлерден келген жастар мұндай бастамалар тәжірибе алмасуға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Акция аясында саябақ аумағына 40 қарағай мен 20 шырша көшеті отырғызылды. Шара соңында аймақ басшысы жастармен бірге естелік суретке түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button