Басты жаңалық

Тұрғындар мәселесі тыңдалды

Азаматтардың өтінішіне жедел ден қойып, өзекті мәселелерді заң аясында шешу – жергілікті атқарушы органдар жұмысының маңызды бағыты. Осы мақсатта Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін тыңдады.

Қабылдау қалалық азаматтарды қабылдау орталығында өтті. Оған қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, «Отбасы банк» АҚ мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, абаттандыру, санитарлық тазалық және жер қатынастарына қатысты мәселелер көтерілді.

Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешу үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жеке қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштердің орындалуы бақылауда болады. Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға және қаланың өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button