Спорт

Тарихтың бір бөлігі бол…

Семейдің мақтанышы — «Елімай» футбол клубы өз жанкүйерлеріне ерекше мүмкіндік ұсынып отыр. Енді әрбір жанкүйер тек қолдаушы ғана емес, клубтың нағыз мүшесіне айнала алады. Бар болғаны 20 000 теңгеден басталатын акцияны сатып алып, ресми клуб мүшесі атануға болады.

Бұл бастама — жанкүйер мен клуб арасындағы байланысты нығайтудың жаңа кезеңі. «Елімайдың» ресми мүшесі атанған жанкүйерлер өз алаңындағы және Конференция лигасындағы барлық ойындарға тегін қатыса алады. Сонымен қатар, клубтың ресми таныстырылымдары мен ашық жаттығуларына арнайы шақырту алып, команда өміріне тікелей араласу мүмкіндігіне ие болады.

«Елімай» жанкүйерлері үшін бұл — футболды тамашалаудың жаңа мәдениетін қалыптастыратын қадам. Енді әр ойында билет іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Барлық ойын – сіз үшін ашық. Ең бастысы, сіз енді трибунадағы жанкүйер ғана емес, «Елімай» тарихының бір бөлшегісіз.

Футболдың тарихи отаны – Семейде өз үлесіңізді қосып, сүйікті командаңызбен бірге жеңіске ұмтылыңыз. «Елімаймен» бірге болу – бұл тек спорт емес, бұл рух пен бірліктің символы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button