Басты жаңалық

Президент цифрландырудағы жүйесіздікті сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада өткен жиында құқық қорғау жүйесінің алдағы бағыттарын айқындады. Президент елде үлкен өзгерістер жүріп жатқанын айтып, жаңа кезеңде заң үстемдігі мен тәртіптің ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

— Елімізде заң үстемдігі мен тәртіп ауадай қажет. Заң мен тәртіп мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты болуы керек, — деді Президент.

Жиында құқық қорғау саласын цифрландыру мәселесі көтерілді. Мемлекет басшысы әр мекеменің цифрлық жүйені өз бетінше енгізуі жүйесіздікке әкеліп отырғанын айтып, бірыңғай цифрлық экожүйе құруды тапсырды.

Президент азаматтардың жеке деректерін қорғау маңызды екенін жеткізді. Киберқылмыспен күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.

— Интернеттегі алаяқтықтың ашылу деңгейі өте төмен. Құқық қорғау органдары цифрлық қауіптен бір қадам алда жүруі тиіс, — деді Президент.


Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде заңға қайшы және арандатушы ақпарат

— Деструктивті контент қоғамды жікке бөледі. Мұндай әрекеттерге міндетті түрде құқықтық баға берілуі керек, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиын соңында Президент тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол бермеу баршаға ортақ міндет екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button