Денсаулық
Балаларды профилактикалық тексерумен қамту 66%-ға дейін өседі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында алдағы 5 жылда балаларды профилактикалық қарап-тексеру және патронажбен қамтуды 50%-дан 66%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Бағдарлама шеңберінде медициналық инфрақұрылымның тозуы 42%-дан 30%-ға дейін төмендетіліп, алғашқы медициналық көмек, педиатрия және цифрландыру бағыттары күшейтіледі. Бұл шаралар Семей қаласында да балаларға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Қазақстан бүгінде балалар жағдайының индексі бойынша әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді.



