Басты жаңалық

Конституциялық реформа – ел болашағын айқындайтын тарихи таңдау

Облыс әкімі Берік Уәли Конституциялық реформаның маңызына тоқталып, бұл үдерістің ел дамуы үшін тарихи мәні бар екенін атап өтті.

Өңір басшысы өз пікірінде Конституциялық реформаның жекелеген заңдарға енгізілетін өзгерістер емес, мемлекет дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын шешім екенін жеткізді.

Берік Уәлидің айтуынша:

«Конституциялық реформа дегеніміз – қоғамдық қатынастарды реттейтін қатардағы заңға енгізіліп жатқан өзгерістер емес. Бұл – елдің болашақ даму бағытын айқындайтын тарихи қадам. Президентіміздің алғаш қызметке кіріскен күнінен бері айтып келе жатқан Әділетті Қазақстан құру идеясы аз уақыттың ішінде нақты жүзеге асып келе жатқанын көріп отырмыз. Мемлекет басшысы әлемдегі күрделі өзгерістерді жан-жақты зерделеп, еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау мақсатында осындай бастама көтеріп, оны біз бір ел, бір халық болып қолдап отырмыз.

Өздеріңізге мәлім, жуырда Президентіміздің Жарлығымен құрылған Конституциялық комиссия өнімді жұмыс істеді. Мемлекеттік кеңесші алғашқы отырыста Комиссияны осыған дейін жарты жылға жуық уақыт бойы белсенді жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін атап өтті.

Еліміздің, ұрпағымыздың болашағы үшін баршамыз бұл үдерісте белсенділік танытып, елдік мүдде тұрғысынан ой қорытуымыз қажет деп санаймын. Жаңа Конституцияның жобасымен танысқаннан кейін өзіме келген бірінші түйген ойым, бұл – Қазақстанның болашағын табиғи ресурстарға емес, керісінше адами капиталға, білімге және инновацияға негіздеуге бағытталған стратегиялық таңдау. Референдум арқылы қабылданатын шешім реформаның қоғамдық легитимділігін айқындайтын негізгі фактор болады».

Осылайша, өңір басшысы қоғамды ел болашағы үшін маңызды реформаларды қолдауға және белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button