Басты жаңалық

Тозығы жеткен жол түзелуде

Абай облысында Аягөз ауданы мен Тарбағатай ауылы арасындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселені өткен жылы Тарбағатай ауылының тұрғындары облыс әкімі Берік Уәлимен кездесу барысында көтерген болатын.

Нәтижесінде аймақ басшысы «ҚазАвтоЖол» компаниясымен келісім жүргізіп, биыл Аягөз – Тарбағатай бағытындағы 66 шақырым жолды жөндеу туралы шешім қабылданды.

Қазір республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 757-790 шақырым аралығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жалпы жөнделетін аумақтың ұзындығы 33 шақырымды құрайды.

Мамандардың мәліметінше, бүгінге дейін 9,4 шақырым жолдың негізі суық ресайклинг әдісімен жаңартылған. Сонымен қатар 11 700 шаршы метр аумақтағы жол ақаулары жойылып, 5,8 шақырымға ірі түйіршікті асфальтбетон төселді.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда. Жобаға 17 арнайы техника жұмылдырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button